Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Хабарландыру

Достар, жыл сайын көліктің техникалық жағдайын тексеріп отыру қажет екенін білесіз. Темір тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзімі қашан аяқталатынын білу үшін egov mobile қосымшасын пайдаланып көріңіз.
Egov mobile қосымшасын жүктеп, ЭЦҚ-мен немесе бірретік құпиясөз арқылы кіріңіз;
Қосымшадағы «Көлік жүргізу және транспорт» бөлімінен «Техникалық тексерістен өту мерзімін қарау» қызметін таңдаңыз;
Әрі қарай жүйе көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізуіңізді сұрайды.
Қажетті мәліметтер толтырылған соң жауап бірден беріледі.
Бәрі өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлісіңіз


29 қараша 2019 ж. 1 423 0