ҚАРЖЫ МИНИСТРІ ҰСТАЗ АТАНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов білім күніне орай Нұр-Сұлтан қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушыларына азаматтық және патриотизм тақырыбында сабақ өткізді, – деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өмірдегі ең қызықты кезең, баға жетпес білім мен дағдыларды игеру уақыты, сондай-ақ нағыз достарды кезіктіретін шақ-мектептегі кезең екенін атап өтті.
«Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында өткен сабақ барысында Әлихан Смайылов Үкіметтің қызметі туралы және Қаржы министрлігіне жүктелген маңызды мәселелер туралы айтты.
«Қазіргі уақытта сәттілікке жету үшін үнемі үйреніп, өзінді-өзің жетілдіріп отыру керек. Біз ойлауды және шешім қабылдауды, интеллектуалды және рухани бай тұлға болуды үйренуіміз керек. Ал өз елінің патриоты болу үшін сендер өз еліңіздің тарихын оқып, ата-бабаларыңызбен мақтана білуіңіз керек, оларға лайықты болуға ұмтылуы маңызды», - деді Ә.Смайылов оқушылармен әңгіме барысында.
Балалар өз кезегінде қонаққа қызықтырған сұрақтарын қойды.
Кездесу соңында Ә.Смайылов оқушыларға оқуда сәттілік, білімге деген құштарлық пен мақсатқа жетуде табандылық тіледі.