АУА РАЙЫНЫҢ АПТАЛЫҚ БОЛЖАМЫ
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облыстық филиалы мамандарының хабарлауынша 4 ақпан түнде облыстың кей аумағында қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түсіп, солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні секундына 9-14 метрге жетеді.
Ал 5-6 және 9 ақпанда да екпіні секундына 15-20 метр, кей аумақтарда 23-28 метрге жететін жел тұрады. Ауа температурасы түнде –7-12, кей жерлерде –15-20, –20-25 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы -2-7 градус болады. Облыстың кей аумағында –10-15 градус аяз болуы мүмкін.
Пікір 2