Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » 22 ТАМЫЗҒА АРНАЛҒАН АУА-РАЙЫ БОЛЖАМЫ

22 ТАМЫЗҒА АРНАЛҒАН АУА-РАЙЫ БОЛЖАМЫ

22 тамызда атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, орталықта, шығыста жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Алматы, Павлодар, күндіз Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл, Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар, Атырау облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
22 тамыз 2019 ж. 512 0