Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ЕЛБАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЕЛБАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері талқыланды,- деп хабарлайды Elbasy.kz. 

Нұрсұлтан Назарбаев Арыс қаласының әлеуметтік маңызды нысандары мен тұрғын-үйлерді қалпына келтіру үдерісіне, сондай-ақ Түркістанды дамыту үшін қабылданып жатқан шараларға ерекше назар аударды.
Сонымен бірге, кездесуде ұлттық экономикаға шетел капиталын тарту және ел өңірлерінің инвестициялық ахуалын жақсарту мәселелері қаралды.

Елбасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, соның ішінде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыруды тиісті деңгейде қадағалауды қамтамасыз ету үшін  Үкімет пен «Nur Otan» партиясының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап өтті.
19 тамыз 2019 ж. 607 0