Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жел, бұршақ, тұман - Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Жел, бұршақ, тұман - Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

29 мамырда ел аумағының  басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Сондай-ақ Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы, оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Қостанай, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

www.inform.kz

29 мамыр 2019 ж. 1 132 0