Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстандықтар ауа райы болжамын видео арқылы біліп отырады

Қазақстандықтар ауа райы болжамын видео арқылы біліп отырады

Kyzylorda-news.kz. 1 шілдеден бастап «Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша ауа райын болжамын ұсынудың жаңа форматына өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан бойынша алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы күнделікті видео, аудио түріндегі жаңа форматта (ұзақтығы - 1 мин) беріледі.
«Онда ғарыштан суреттер және ауа райын болжаудың цифрлық әдістері пайдаланылады. Болжам мемлекеттік және орыс тілдерінде «Қазгидрометтің» ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшалары - Instagram, VKontakte, Facebook-ке салынып отырады. Алдағы үш күнге арналған күнделікті болжам сағат 19.00-ге дейін шығады» делінген хабарламада.
Жаңа форматтың мақсаты - халықты ертең қандай ауа райы күтіп тұрғаны жайлы ақпараттандыру, жылы киіну керек пе, әлде қолшатыр алу керек пе, немесе ыстық ауа райына дайындалу қажет пе - сол жайында ақпарат беріп отыру.
Сондай-ақ, «Қазгидромет» синоптиктері Қазақстан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін видео, аудио арқылы қауіпті табиғи құбылыстар туралы (нөсер жауын, күшті жел, найзағай, дауыл, бұрқасын, шаңды дауыл, үсік, тұман, бұршақ, температураның күрт төмендеуі/көтерілуі) ақпараттандыратын болады.
01 шілде 2019 ж. 527 0