Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 9 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

9 мамырда еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

"Қазгидромет" РМК 2019 жылғы 9-13 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

"Антициклон және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындары 9 мамырда Қазақстан аймағының басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Алдағы үш тәулікте де республика аймағында ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді. Батыс облыстарында күндіз ауа температурасы плюс 30…38°С дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі. Оңтүстік және орталық аймақтарда да жылы және жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада. 

Қазгидромет мамандарының болжамынша, аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Карск теңізінде қалыптасқан антициклонмен солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерінде өткінші жаңбыр және ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі.

baq.kz
08 мамыр 2019 ж. 689 0