Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » 21 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді, батыста - аптап ыстық

21 маусымда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді, батыста - аптап ыстық

21 маусымда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болатындықтан жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сипоптиктердің мәліметінше, тек солтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, , кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.  

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ жауады, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсуі мүмкін. Алматы, Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-21 м/с жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады. Қарағанда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.       

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз аптап ыстық болады.         

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады. 
 
www.inform.kz
21 маусым 2019 ж. 490 0