Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға көтеріледі

2020 жылы дәрігерлердің жалақысы тағы 30 пайызға көтеріледі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келесі жылдың ақпан айына дейін барлық саладағы еңбекақыны 70 пайызға көтеру жоспарланып отырғанын хабарлады. Айлықтары жоғарылайтындар қатарында 400 мың медицина қызметкері де бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол Елбасы мен Президенттің тапсырмаларына сәйкес осы айдан бастап медициналық қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру үшін барлық қажетті шаралар қабылданғанын айтты.

"Мұнда нюанстар бар. Біз барлық қажетті ақшаны қаржыландыруға қойдық. Көптеген адамдар білмейтін шығар, халық Денсаулық сақтау жүйесінде жалақыны Денсаулық сақтау министрі немесе мемлекет белгілейді деп ойлайтын шығар. Іс жүзінде бұл олай емес.Яғни біз медициналық ұйымдарға қызмет көрсету үшін ақы төлейміз. Мысалы, соқырішекті емдеу – тіркелген баға, біз оны тариф деп атаймыз және осы тарифке жалақы шығындарын жұмсаймыз", - деді Біртанов.

Бұдан бұрын үкімет отырысында ол медициналық қызметтерге тарифтер 2020 жылы 15 пайызға көтерілетіндігін хабарлады. Сондай-ақ, ол дәрігерлердің жалақысы келесі жылы 30 пайызға артатынын еске салды.

"Дәл осы сызба бойынша біз жалақыны жыл сайын арттыруды қарастырамыз. 2020 жылы жалақыны тағы да 30 пайызға арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін ақша бар, оны біз сіздермен бірге жинадық.Ақпан айынан келесі жылдың ақпан айына дейін барлық сала бойынша еңбекақы 70 пайызға артады, бұл 400 мың медицина қызметкеріне де қатысты", - деп қортындылады министр.

kaz.nur.kz
19 маусым 2019 ж. 777 0