Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 19 маусымға арналған ауа райы

19 маусымға арналған ауа райы

19 маусымда елімізді ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, тек оңтүстік және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Республиканың кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстіктін кей жерлерінде - тұман, күндіз дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында дауыл күтіледі. Күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Түркістан, Қостанай, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

www.inform.kz
19 маусым 2019 ж. 469 0