Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні

Бүгін – Дүниежүзілік қан доноры күні

2005 жылдың мамырында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының барысында бірқатар мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан мақұлдады. 

Олар қарарда 14 маусымды Дүниежүзілік қан донорының күні ретінде атап өтуді бекітті. 

Аталмыш шараға БҰҰ-ға қатысушы 193 мемлекет, Қызыл жарты ай мен Қызыл крест ұйымдарының 181 ұлттық қоғамы, ерікті қан тапсырушылардың 50 ұйымы және әлемнің түкпір-түкпірінен қан құюға машықтанған көптеген маман қатысады.
 
Әлемде әр секундта кез келген жастағы адамда оның шығу тегіне қарамастан қан құюға деген қажеттілік туындайды. Қанға деген қажеттілік жалпы болғанымен, оған қолжетімділік барлығында бірдей емес. Әсіресе қан  тапшылығы әлем халқының көбі тұратын дамушы елдерде байқалып отыр.

baq.kz
14 маусым 2019 ж. 1 015 0