Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 газет

25 маусым 2019 ж.

№47 газет

22 маусым 2019 ж.

№46 газет

18 маусым 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » 8 маусымға арналған ауа райы болжамы

8 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, бүгін атмосфералық ауа фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты елімі здің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде нөсер жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады.

Республиканың кей аймақтарында найзағай жарқылдап, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, дауыл соғады. Бұршақ жауып, түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с. 

Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, күндіз бұршақ жауы мүмкін, желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.

Қарағанды, Шығыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. жел  - 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл соғып, күндіз желдің күшейуі 15-20 м/с, бұршақ болуы мүмкін. 

Жамбыл, Түркістан, Ақтобе, түнде Алматы, күндіз Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с, Қызылорда облысында екпіні 23 м/с дейін шаң соғады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болуы ықтимал.
    
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қауіпі жоғары.

baq.kz
08 маусым 2019 ж. 42 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам