Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауын-бұршақ, жел - жұма күніне арналған ауа райы

Жауын-бұршақ, жел - жұма күніне арналған ауа райы

Синоптиктердің болжауынша жұма күні елімізде жел күшейіп, кей жерлерде жауын немесе бұршақ жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

31 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында және батыста күн арйы ашық болады. Кей өңірлерде күн күркірейді, жел күшейіп, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде жел күшейеді 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

www.inform.kz
31 мамыр 2019 ж. 597 0