Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 28 мамырға арналған ауа-райы болжамы

28 мамырға арналған ауа-райы болжамы

28 мамырда  Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты батыс, оңтүстік-батыс және солтүстік-батыста жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сондай-ақ ел өңірінің кей жерлерінде найзағай, тұман, желдің күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі, Қызылорда облысында шаңды дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде 2 градусқа, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 3 градусқа дейін суытады.  Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.    

28 мамыр 2019 ж. 817 0