ЖАҺАНДЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Астана экономикалық форумы ауқымды мәселелер талқыланған алқалы басқосуларға ұласты. Панельдік отырыстар мен дөңгелек үстелдердің басында отандық және шетелдік саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер халықаралық деңгейдегі маңызды проблемаларды көтеріп, оны шешу жолдарына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Ғылымға бет бұрған арулар көбейді
XII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова «Ғылымдағы, инновациялардағы, бизнестегі әйелдер» атты панельдік сессияға қатысты. Сонымен қатар аталған жиынға Қырғыз Республикасының экс-президенті Роза Отынбаева, ЕҚДБ Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Балванера Бруно қатысты.
Өз сөзінде Вице-Премьер Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда шикізаттық секторға тәуелділіктен бас тартуға бағытталған және инновацияларға негізделген жаңа экономика құрылып жатқанын атап өтті. Шараға қатысушылар әйелдердің ғылымға, инновацияға және экономикалық дамуға қосқан үлесін арттыру мәселелерін талқылады, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттердің және бизнестің түрлі қызмет саласындағы гендерлік алшақтықты азайтудағы табысты тәжірибелерін және гендерлік тепе-теңдікті ілгерілетудегі әйелдер қауымдастығының күш-жігерін біріктіру мүмкіндіктерін қарастырды.
Одан әрі форум алаңында Г.Әбдіқалықова бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, «БҰҰ-әйелдер» құрылымы атқарушы-директорының орынбасары Оса Регнермен әңгімелесе отырып, Премьер-Министрдің орынбасары гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы Қазақстанның және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының әріптестігі мен ынтымақтастығын одан әрі тереңдету мәселелерін атап өтті. Қазақстанда бұл ұйым Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп Үкіметтің қаржылық қолдауымен гендерлік-бағдарланған жоспарлау және бюджеттеу, жағдайы төмен әйелдердің экономикалық құқықтарын өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке тарту жолымен кеңейту, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жобаларды іске асырады.

Басты өлшем – халықтың әл-ауқатын жақсарту
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев АЭФ-2019 аясындағы «Азаматтық қоғамды әлауқат саясатына тарту» панельдік сессиясына қатысты. Жиында сөз алған министр Қазақстан бүгінгі таңда өз азаматтарының әл-ауқатын көтеруге ниетті екенін, оның ішінде қатардағы орташа статистикалық қазақстандыққа баса мән берілетінін айтты.
Оның айтуынша, ХХ ғасырда көптеген мемлекет кедейліктен құтылуды мақсат етсе, қазіргі таңда бақыт пен бақуаттылықтың түсініктері алдыңғы қатарға шығып отыр. Бірақ бұл рейтингті жүргізуде бірізділік жоқ, – деді министр.
2011 жылдан бастап, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жайлы өмір индексін анықтау үшін кешенді зерттеу жүргізіп келеді. Индекс ауқаттылық өлшемдерін 2 топқа бөледі. Алғашқы топ тұрғын үй жағдайы, табыс көлемі сынды материалдық критерийлерді қамтыса, екінші топта – білім, экология, азаматтық құқықтар, денсаулық, қауіпсіздік, өмірге қанағат, жұмыс пен жеке өмір теңгерімі қарастырылады.
– Мемлекет алдындағы қолжетімді мақсат – азаматтардың әл-ауқатын ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне көтеру. Оның ішінде орташа статистикадағы қазақстандықтың әл-ауқатын арттыруға баса мән беріледі. Бұл міндетті орындау үшін билік, бизнес және азаматтық қоғам өзара әрекеттестікте болуы тиіс, – деді Д.Абаев.
Астана экономикалық форумы аясында Таллин техникалық университетінің профессоры, The Other Canon Foundation-ның негізін қалаушы Эрик Райнерт БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, бүгінгі әлемдік экономикада қалыптасқан ахуалдың мән-жайын кеңінен баяндап берді. Профессор Қазақстанда жүзеге асқан реформалар туралы да пікірін білдірді. Ол өз сөзінде экономиканың қозғаушы күші өндіріс орындары болса, оның шоғырланған жері, яғни қалалардағы өсімнің жыл сайын артып келе жатқанын жеткізді.
– Әлемдегі қалалардың қаншалықты бай екенін білгіңіз келсе, ондағы мамандықтардың санын санап шығыңыз. Бұл сіз үшін өте қызықты ақпарат болуы ықтимал. Қаланың құрылуының өзі инновациялық жобалар шеңберінде туындағанын тарихтан білеміз. Экономиканың заңдылығы сол – ол күн сайын өзгеріп отырады. Бұл қалыпты жағдай. Өзгерістен қорықпау керек. Керісінше, соған тез бейімделуге тырысқан елде жетістік болады, − деді Эрик Райнерт.
– Менің білуімше, Қазақстан¬ның тамақ өнеркәсібін өркендетуге өресі де, мүмкіндігі де жетеді. Экономист ретінде сырттан келетін тауардың көп болғаны жақсылықтың нышаны емес екенін айтқым келеді, – деді Таллин техникалық университетінің профессоры.
Бұл пікірмен орайлас ой айтқан Халықаралық валюта қорының бас экономисі Гарвард университетінің экономика профессоры Кеннет Рогофф болашақта Қазақстан экономикасының әртараптануы тұрақтылыққа кепілдік береді дейді.
Сонымен, биыл он екінші мәрте өткен Астана экономикалық форумы да мәреге жетті. Осы жылдар ішінде форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаты және 30 жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткерлер қатысқанын айта кетейік. Конгресс аясында 20 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 300-ден астам меморандум мен келісім жасалды.
АЭФ-тың басты мақсаты – жаһандық үрдістерді зерттеу және Қазақстан дамуының практикалық саясатын жасау үшін экономикалық саясат пен ғылым саласында тәжірибе алмасу алаңын құру. Осы мақсаттың үдесінен көрінген жиын 11 жыл ішінде әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең беделді халықаралық платформалардың бірі ретінде мойындалды.