Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-қа шабуыл: Қауіпсіздікті қалай сақтауға болады

WhatsApp-қа шабуыл: Қауіпсіздікті қалай сақтауға болады

Kyzylorda-news.kz. Жақында WhatsApp кибер шабуылға тап болғанын хабарлаған болатын. Осы ретте ВВС басылымы аталған әлеуметтік желідегі қауіпсіздікті қалай сақтауға болатыны туралы материал жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Осы айдың басында хакерлер WhatsApp аудиобайланысы арқылы кейбір аккаунттарға шабуыл жасаған. Ал дүйсенбі күні WhatsApp 1,5 миллиард қолданушысына қосымшаны жаңартуды сұрады. Сол арқылы құрылғы кибершабуылдан қорғалатыны да айтылды» дей келе, автор WhatsApp хабарламалары шифрланғанымен, чаттардың резервті көшірмесін жасаудың кемшіліктері бар екенін, сондықтан одан бас тарту керектігін жазады.
«WhatsApp қосымшасында «Баптау> Аккаунт> Құпиялық» деген жерде қауіпсіздікке байланысты барлық ақпарат сақталған. Сол жерде сіздің әлеуметтік желіге қашан кіргеніңізді, профиль суретін көре алатын адамдарды шектей аласыз. Сонымен қатар хабарлама оқылғаны туралы ақпаратты да өшіріп тастауға болады», деп жазады автор. Оның айтуынша, кибершабуылға көбіне журналист, құқық қорғау органдарының өкілі, заңгер мен қоғам белсенділері көп тап болады.
19 мамыр 2019 ж. 701 0