Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№ 50 газет

03 шілде 2020 ж.

№ 49 газет

30 маусым 2020 ж.

№ 48 газет

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 9 мамырға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін көңіл-күйіңіз түсіп, жалқаулығыңыз басым болады. Бүгін күнделікті атқарып жүрген шаруаларыңызды істеу сіз үшін қиынға соғады. Өмірлік тәжірибесі мол, ақылды адаммен кеңесіңіз. Сіздің одан үйренеріңіз көп.

Торпақ
Материалдық мәселелерді оңай шешесіз. Баспана сатып аласыз немесе сатасыз. Жұмысқа қатысты кейбір мәселелерді кейінге қалдырғаныңыз жөн. Себебі оларды дәл қазір шешу абырой алып бермейді.

Егіздер
Жоспарларыңыз жүзеге аса қоймайды. Себебі сіз өз дегеніңізден қайтпайсыз. Өзгелердің кеңесіне құлақ аспау кейде қиындық тудырады. Оған бола, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

Шаян
Үй шаруасынан-ақ босамайсыз. Барлық жұмыс сіздің мойныңызға артылған. Сонымен қатар бүгін ескі мәселелерді қайта қозғайсыз. Олардың көбісі туған-туыстарға қатысты болмақ.

Арыстан
Қарызға ақша аласыз немесе бұрын сіздер ақша алғандар қарызын қайтарады. Материалдық жағдайыңыз аздап жақсарып қалады. Үйіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізуді ойластыра беріңіз.

Бикеш
Қаржылық мәселелеріңіз оңынан шешіледі. Шығармашылық ойларыңыз қызықты, әрі оны жетілдіруге, ойларыңызды жүзеге асыруға қолдау көрсететіндер табылады.

Таразы
Қарбалас күн. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз қиындай түседі. Қателіктерге бой алдырмас үшін шешім шығармағаныңыз дұрыс. Мәселенің мән-жайын анықтап, ақылмен жұмыс жасаңыз.

Сарышаян
Біраз уақыттан бері жиналып қалған мәселелерді шешуге қолайлы күн. Бұл мәселелердің дені денсаулығыңызға қатысты болып тұр. Ауырмайын десеңіз, алдын ала дәрігерлерден кеңес алып, ем-домға кірісіңіз.

Мерген
Бүгін күніңіз сәтті өтеді. Жақындарыңыз көмек көрсетуге әзір болып, материалдық жағдайыңыз біршама жақсарып қалады. Сондай-аө бүгін басшылық тарапынан берілген қосымша тапсырмадан бас тартпаңыз.

Тауешкі
Денсаулығыңыз күрт нашарлайды. Оның алдын алу үшін профилактикалық шаралар қабылдаңыз. Сіз туралы өсек-аяң тарататындар болады. Оған бола, көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Жағымсыз ақпараттарды жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз.

Суқұйғыш
Көптен бері шешуге тырысып алайда кейінге қалдырып жүрген өзекті мәселені қолға аласыз. Сонымен қатар бүгін көпшілік алдына шығып, маңызды жобаны қорғауыңыз мүмкін.

Балықтар
Жұмыста беделіңіз өсіп, жұмысқа қатысты ұстанымдарыңызды күшейтесіз. Мақсатыңызға жетуге мүмкіндік бар. Ол үшін кез келген қиындықтан жол таба білуіңіз қажет.

09 мамыр 2019 ж. 287 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам