Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы

Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Сәуірдің 22-сі күні Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасай отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының бірқатар аймақтарында мол көлемде жауын жауады, елдің тек батысы мен оңтүстік-батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерге тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысында күндіз күшті жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда, Қарағанды, түнде және таң ата Қостанай облыстарында тұман түсіп, Қарағанды облысында көктайғақ болады.  
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, бұршақ жаууы да ықтимал.
 
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.    Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аймақтарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, таң ата және түнде тұман түседі.
22 сәуір 2019 ж. 532 0