Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент сайлауы: Кандидат 114 мыңнан кем емес қол жинауы тиіс

Президент сайлауы: Кандидат 114 мыңнан кем емес қол жинауы тиіс

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров Қазақстан президенттігіне кандидаттардың кем дегенде 114 мың қол жинауы қажет екенін айтты. 

«Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кем дегенде 2/3 бөлігін тең дәрежеде білдіретін сайлаушылардың кем дегенде 1%-ының қолдарын жинаумен расталуы тиіс. 2019 жылдың бірінші сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы 11 млн 814 мың дауыс беруге құқығы бар азаматты Қазақстан Республикасы сайлаушылар тізіміне енгізді. Осылайша, әрбір кандидатты қолдау үшін 118 140 сайлаушының түпнұсқалы қолы жиналу тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күн ішінде жүзеге асырылады», - деп айтты Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Ол президенттікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарды қол жинайтынын атап өтті. Сенім білдірілген адамдарды тіркеуді, сондай-ақ қолдардың түпнұсқалығын тексеру рәсімін паспорттық қызмет қызметкерлерін тарта отырып аумақтық сайлау комиссиялары жүргізеді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы 2019 жылдың 28 сәуірінде сағат 18.00-де аяқталатыны туралы мәлімдеді.

Бұған дейін, Константин Петров президенттікке үміткерлер төлеуі тиіс сайлау жарнасы 2 млн 125 мың теңгені құрайтыны туралы мәлім еткені жайлы және президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталған күннің ертеңіне, яғни 11 мамыр күні үгіт-насихат жұмыстары басталатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптардынақтылады.

 

baq.kz
10 сәуір 2019 ж. 930 0