Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға не үшін көктем сайын келетінін айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға не үшін көктем сайын келетінін айтты

Елбасы қазір оңтүстік астанада жүр, осында бірнеше маңызды кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев не үшін Алматыға көктем сайын келетінін айтты, деп хабарлайды Today.kz ҚР Президенті Телерадиокешеніне сілтеме жасап. 

Елбасы қазір оңтүстік астанада жүр, осында бірнеше маңызды кездесу өткізді. 
Ол Алматының сүйікті қалаларының бірі екенін бірнеше рет айтқан еді. Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік астанаға деген махаббатын былай түсіндірді: 

"Алматы – әдемі, жасыл қала, менің сүйікті әрі туған қалам. Шынымды айтсам, бұл жаққа келгенде көңілім толқымай қоймайды. Бұл – еліміздің ең әдемі қалаларының бірі, жасыл қала. Үйімізді бау-бақша қоршап тұратын. Сол кездері үйдің қасындағы жердің көлемі жарты гектардай еді. Осы жарты гектар отбасымызды түгел асырады. Бұл алма бақшасы, Алматыда алма бүршік жарғанда аппақ болады. Мен сол жаққа міндетті түрде барамын. Жыл сайын алма бағының арасында суретке түсемін. Бұл есімде қалған ең тәтті әсердің бірі", – деді ҚР Тұңғыш Президенті. 
29 наурыз 2019 ж. 794 0