Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

Әлем

Күннен қуат алатын көлік

Күннен қуат алатын көлік

15 қыркүйек 2019 ж.
Даяшының орнына –  робот

Даяшының орнына – робот

15 қыркүйек 2019 ж.
Ең әдемі ару

Ең әдемі ару

13 қыркүйек 2019 ж.
Ешкі жұтқан жылан

Ешкі жұтқан жылан

04 қыркүйек 2019 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 газет

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 газет

10 қыркүйек 2019 ж.

№ 69 газет

07 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Норвегияда апатқа ұшыраған «Викинг Скай» кемесінде екі қазақстандық бар

Норвегияда апатқа ұшыраған «Викинг Скай» кемесінде екі қазақстандық бар


Сенбі күні апатқа ұшыраған «Викинг Скай» круиз лайнері Молде айлағына келіп жетті. Бұл туралы 24.kz порталы жазды. 

Кеме экипажының мүшелері дауыл кезінде аяқ астынан істен шыққан кеме қозғалтқышын өз күшімен жөндеуді бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Сөйтіп олар қозғалтқышты ішінара оталдырып, буксир катерлерінің көмегімен Молде жағалауына жетіп жығылды. 
Еске сала кетейік, эвакуация жұмыстары түні бойы жалғасты. Толқындардың биіктігі үш қабатты үйдің биіктігімен бірдей болды. Круиз лайнерінің жолаушыларын тікұшақпен тасымалдауға тура келді. Төтенше жағдай кезінде көп адамның бойын қорқыныш билеп, бұрын мұндай жағдайды көрмегендіктен қатты үрейленгендерін жасыра алмады.  
Нәтижесінде 463 адам әуе тасымалы арқылы жағалауға жеткізілді. Негізі кеме бортында экипажды қосқанда барлығы 1373 жолаушы болатын. Сонымен қатар, экипаж мүшелері арасында Қазақстанның екі азаматшасы бар болып шықты. Бұл ақпаратты Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі де растады. 
Елшіліктің мәліметінше, бұл мәселе біздің дипломатиялық миссияның ерекше бақылауында. 
«Викинг Скай» бортындағы біздің екі азаматша оқыс оқиғадан кейін үйреншікті режімде жұмысын жалғастырған. Олар бізден көмек сұраған жоқ», - деді еліміздің Ослодағы консулы Азат Мәтенов. 
Оның сөзінше, дипломаттар оқиға туралы ести салысымен бірден жергілікті билік өкілдеріне хабарласқан. Қазіргі уақытта алаңдайтын ештеңе жоқ. «Викинг Скай» жолаушылары мен экипажы жергілікті қонақ үйге жеткізілген. Ол жерде барлығына тиісті көмек көрсетіледі.
25 наурыз 2019 ж. 155 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам