Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

СӘУЛЕЛІ ҚАЛА

"Қазақ халқы қашанда сөздің парқын түсініп, мағынасына терең бойлаған. Жаңа туған нәрестеге есім берерде де мың ойланып, мың толғанады. Сол сияқты, бірнеше күннен бері Астана атауын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту халық арасында кеңінен талқыланып, бүгін оң шешімі жарияланды. Астана - "Нұр-Сұлтан" деп өзгертілді. Мен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығына құрметпен қарап, оң шешім деп білемін. Неге? Біріншіден, бұл Елбасымыздың осы уақытқа дейін еңбегінің жемісі. Екіншіден, астанамыз тәуелсіз жастардың, кейінгі ұрпағымыздың қаласы. Үлкен мұмкіндіктер мекені. Біздің ұрпағымызға деген аманатымыз.
Осы орайда, Тұңғыш Президент Н.Н.Әбішұлының бастамасымен қайта қалаған жаңа қала екенін ескерген жөн. Үшіншіден, әрине түпкі мағынасы. "Нұр-Сұлтан" атауы " сәулелі патша" деген мағына береді. Яғни, "патша-Құдайдың жердегі көлеңкесі" дейтін мұсылман үшін қастерлі ұғым. "Нұр-Сұлтан" қаласы еліміздің бейбітшілігі, тұрақтылығы мен бірлігінің символы болмақ".
Байзақ Жұмабай,
Сырдария ауданының тұрғыны, қоғам белсендісі


24 наурыз 2019 ж. 963 0