Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Елбасы Қазақстан халқына ризашылығын білдірді

Елбасы Қазақстан халқына ризашылығын білдірді

Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесінде айтты.

Үндеу барысында ол алғашқы Тәуелсіздік жылдарында атқарылған істеріне тоқталып өтті.
«Біздің үш тұғырлы міндетіміз болды. Нарықтық экономика құру, тотолитарлық идеологиялық жүйені бұзу және қоғамның барлық институттарын жаңғырту болды. Біз бұны демократиялық Қазақстан мемлекетін құру үшін жасадық. Экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру ісіне аса мән бердік. Соның нәтижесінде экономикамыздың көлемі 15 есе, халықтың табысын 10 есеге арттырып, кедейшілік деңгейін 3% жақын қысқарта алдық», -деді Н. Назарбаев. 
Сонымен қатар ол, елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беретінін де айтып өтті.
«Өткен жылдардағы сайлауларда сіздер маған сенім артып, бастамаларыма қолдау білдірдіңіздер. Маған халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін. Заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш президент Елбасы, Ұлт көшбасшысы мәртебесіне ие болдым. Елдегі Қауіпсіздік Қызметінің төрағасы ретінде қызмет ете беремін. Өздеріңізбен бірге боламын, еліміздің қамы менің мүддем болып қала береді»,-деді ол.
 
19 наурыз 2019 ж. 669 0