ҚҰЖАТҚА МҰҚИЯТ БОЛУ ҚАЖЕТ
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалы аудандық орталықтандырылған кітапханада «Сараптау комиссиясын құру тәртібі және негізгі міндеттер» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды. Семинарға аудандық мекемелердің архивке жауапты мамандары қатысты.
Кеңестің мақсаты сараптау комиссиясының атқаратын қызметтері мен міндеттеріне әдістемелік көмек көрсету мен кеңестер беру болып табылады.
Басқосуды аудандық филиал басшысы Ғ.Құлымбай ашып, күн тәртібіндегі қаралатын тақырыппен қатысушыларды таныстырып өтті. Семинарға шақырылған қызметкерлерге мекемеде құжаттардың дұрыс талапқа сай сақталынып, мерзімі өткен құжаттарды өңдеуден өткізу және құжатпен жұмыс атқаруда мұқият болуға, Ұлттық архив қоры құжаттарының сақтау талаптары орындалмаған жағдайда мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарға әкімшілік іс қозғалып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 509-бабына сәйкес айыппұл салынатындығын айтып өтті. Аудандық филиалдың архивисі Г.Мейрамбекова «Мекемеде сараптау комиссиясын құру тәртібі және негізгі міндеттері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында қатысушылар тарапынан жұмыс барысында туындайтын сұрақтары қойылып, ол бойынша жауаптар берілді.
“Тт” ақпарат