Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

26 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы синоптиктер хабарлады.

26 ақпанда Қазақстанның көп аумағында жауын болады. Республиканың оңтүстік-шығысында ғана күн ашық, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

Елдің кей жерінде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі. 

Ақмола облысында боран, көктайғақ, секундына 18 метрге дейін жететін қатты жел болады. 

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында боран, тұман болады, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. 

Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман болуы мүмкін, жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді. 

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, Қарағанды облысында аздаған боран соғады, Шығыс Қазақстан облысына тұман түседі. 

Павлодар облысында боран тұрады, жел секундына 18 метрге дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, аздаған боран күтіледі. 

Атырау, Маңғыстау облыстарында тұман, көктайғақ болады. 
26 ақпан 2019 ж. 584 0