5 ақпанға арналған ауа райы болжамы
5 ақпанда "Қазгидромет" синоптиктері ауа райы қандай болатынын хабарлады, деп хабарлайды Today.kz. Республиканың көп бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, боран, қатты жел күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде 23-28 метр секундқа жетеді.
Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, жел секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ болады, Қызылорда облысында боран күтіледі, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысында тұман болуы мүмкін.
Алматы облысында жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді, көктайғақ болады.
Пікір 2