Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада арнайы қымыз көрмесі өтеді

Астанада арнайы қымыз көрмесі өтеді

- 1 наурыз - Алғыс айту күнінде Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақ халқына мың алғыс» республикалық форумы өтеді. Шара барысында алғаш рет емдік қасиеті бар сусын - қымызға арналған көрме қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХА сайтына сілтеме жасап.

Барлық ниет білдірушілер Ұлттық мұражайдың тақырыптық экспонаттарын, емдік сусын дайындауға арналған құралдарды тамашалай алады, сондай-ақ ежелгі және қазіргі заманғы технологиялар бойынша дайындалған қымыз мен бие сүтінің дәмін татып көре алады.

Көрме қарсаңында Ұлы далада қымыздың пайда болу тарихы, сусын дайындау технологиясы, түрлері таныстырылып, оның емдік қасиеттері туралы айтылады. Еске сала кетсек, төрт жыл бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының 2015 жылдың сәуіріндегі 22-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды.

Мерекені бұл күні атап өтудің басты себебі - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бұл күні көптеген этнос өкілдері бір-біріне және қазақтарға үлкен ұлттық күйзеліс тудырған заманда тұтас халықтардың күшпен қоныс аударылып, сталиндік қуғын-сүргін және этностардың Қазақстан даласына жер аударылуы кезеңінде төзімділігі мен қонақжайлылығы үшін алғыс білдіре алады.

«Мерекенің негіздемелерінің бірі - «Өз тарихыңды ұмытпа және оны мақтан ет». Осы жылы ол Президенттің «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласына үндесіп отырғанын атап өткен жөн болар.

Осы мерекеге Астанада Қымыз көрмесі орайластырылып отыр - себебі қазақтар ежелгі кезде киіз үйінің есігіне тоқтаған жолаушыға ең алдымен қымыз, содан кейін дәм ұсынған», - делінген хабарламада.

14 ақпан 2019 ж. 685 0