ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: 2019 ЖЫЛЫ ҚАЛҒАН 3 АУДАНҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ
Нәтижесінде халықтың 64% табиғи газды тұтынуға мүмкіндік алды.
2018 жылы қалған 3 аудан орталығына – Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа көгілдір отын жеткізілді. 2019 жылы кентішілік газ желісінің құрылысы басталады.
«Биыл Жосалы, Тереңөзек және Жалағашқа газ жеткізілуде, ендігі кезекте кентішілік газөткізу желісінің құрылысына кірісеміз. Бұйырса, биылғы жылдың қазан айында аудан орталықтарының тұрғындары, сонымен бірге, әлеуметтік нысандар газды пайдалана бастайды. Келесі кезекте – 16 тіректі елді мекендер»,-деді аймақ басшысы.
2015 жылы 4 аудан орталығы (Арал қаласы, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері) көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. 2017 жылы Байқоңыр қаласына газ берілді.