Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Онлайн өткізілуде

Онлайн өткізілуде


Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер бойынша орынбасары Салават Құлмахан әлеуметтік желідегі парақшада жариялады.
Достар! Осы салада жүрген азаматтар білетін шығар. Дегенмен, әлі де хабарсыз отырған жандармен сүйінші жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Кәсіпкерлердің, жалпы азаматтардың осы уақытқа дейн көтеріп келген, сондай-ақ жиі шағымданатын мәселелерінің бірі – жер телімдеріне, оны беретін комиссияға қатысты. Осы салаға қатысты сын көп айтылатыны жасырын емес: беріліп жатқан жерлерге қатысты ақпараттың ашықтығына, заңдылығына қатысты. Міне, енді Сіз бен біз бұл мәселені өз көзімізбен көруге мүмкіндік алып отырмыз.
Қызылордада облыстық жер комиссиясының осы жылдағы алғашқы отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. Отырыс онлайн режімде өтті.
Иә, қазақ үшін жер дауы мәселенің бірі. Оның айналасында айтылатын әңгіме өте көп. Көбінде мәселенің әділ шешілмейтіндігін алға тартып жатады. Алдағы уақытта мұның бәрі артта қалатын болады.

«Тт» ақпарат
31 қаңтар 2019 ж. 816 0