Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда аяздың беті қашан қайтады

Қазақстанда аяздың беті қашан қайтады

Бұл туралы синоптиктер айтты.

Синоптиктер Қазақстанда 29 желтоқсанға дейін ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Today.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап. 

"Елде аяз тудыратын Сібір антициклоны республиканың бірнеше облысындағы ауа райына ықпалын жалғастырады. Алдағы уақытта, әсіресе түнде қатты аяз болады", – деді метеорологтар. 

Бірақ мамандар батыс облыстарға циклондар мен атмосфералық фронттарға байланысты жылы да ылғалды ауа түсе бастағанын айтты. 

Шығыста кей жерлерде қар көшкіні, боран, екпінді оңтүстік-батыс желі, көктайғақ болады, күн жылып, аяз бәсеңдейді. 
Естеріңізге салайық, бір күннің ішінде аязға байланысты 145 адам эвакуацияланған еді. 

Астанада аяз. Еріктілер ниет еткен жандарға ыстық шайды тегін таратып жатыр

today.kz
27 желтоқсан 2018 ж. 530 0