Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДҮЙІМ ЕЛГЕ ДҮРКІРЕП ЖЕТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

ДҮЙІМ ЕЛГЕ ДҮРКІРЕП ЖЕТКЕН ЖАҢАЛЫҚ


Қалың жұртшылықтың ұзақ күткен жаңалығы бейсінбінің түнінде жүзеге асты. Сағат тілі 00-ге барған мезетте жергілікті халық 23.00-ге кейінге шегертілді. Түн ортасы ауған шақ бір-бірінен сүйінші сұраған Сыр халқының қуанышында шек болмады. Әрбір тұрғынның тілегі жерде қалмай жекелеген ғылыми-зерттеу институттары да өмір ритмінің осыған дейін бұзылып келгенін, тұрғындардың денсаулығына айтарлық әсер ететіндігін растады.
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың уақыт белдеуіне байланысты мәлімдемесін тыңдағаны мәлім. Бұл орайда аймақ басшысы уақыт белдеуін өзгертудегі жекелеген артықшылықты тізбектеп айтып берді. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданғаны жөнінде жеткізді. Осы ретте аймағымызда табиғи биологиялық уақыттан ауытқушылық мәселесі соңғы 10 жыл аралықта жиі көтеріліп келді. Бүгінге дейін уақытты өзгертуге байланысты тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүрзіліп, қорытындысында халықтың 70 пайызы төртінші сағат белдеуіне көшу дұрыс деген пікірде болғаны хақ.
Елең еткізген жаңалықтың орын алуына қоғам белсенділері күш-қайратын жұмсады. Аталмыш мәселе төңірігінде халықтың пікірі екіге бөлінді. Алғашқыда сағат белдеуін ауыстыруға қарсы шыққандар кейіннен елге тигізер зор пайдасын анық аңғарғандай. Осылайша облыс көлемінде 21 желтоқсаннан бастап, әр тұрғын жаңа уақыт белдеуі бойынша жұмыс процесіне кіріскен. «Сабақты ине сәтімен» демекші дүйім елге дүркіреп жеткен жаңалықтың өміршеңдігі ұзағынан болғай.
Б.ОРДАБЕКОВ
22 желтоқсан 2018 ж. 763 0