«DINAROS» сән салоны ашылды
Биылғы жылы аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес облыс көлемінде «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» алдағы үш жылға созылғаны бұл тың бастамаға бейім жергілікті тұрғындар мол несібесін кәсіптен тауып, береке қазанын тасытып жүрген кәсіпкерлер зор мүмкіндік. Жақында кент орталығында қыз-келіншектерге арналған «Dinaros» сән салоны ашылды. Оған аудандық «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, кент әкімі Н.Бисембаев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева, еңбек ардагері А.Бақтиярова, аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында меймандар сұлулық салонының жұмысымен танысып, оң бағасын берді.
– Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге жыл сайын қолдау көрсетіліп, түрлі бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылуда. Соның арқасында жергілікті халық өз кәсібін ашуға бетбұрып, кәсіптің сан-саласын игеруде. Бизнестің тетігін тауып, меңгерген әрбір жан өз мүмкіндігін толық пайдалануда. Демек, бүгін ашылғалы отырған нысан сол қолдаудың жемісі. Бұл сән салоны кенттегі қызкеліншектерге қызмет етіп, сұлулықтарын сақтауға сеп болмақ, – деді еңбек ардагері Алма Бақтиярова.
Өз кезегінде, сән салонының ашылуына жиылған жұртшылық лента қиып, жұмыстың нәтижелі болуына ақжарма тілектерін жеткізді. Қашанда ауданның қыз-келіншектеріне оңтайлы қызмет көрсетуге бағытталған сән салоны кәсіби біліктілігі жоғары мамандармен қамтылған. Бір мезетте, кәсіби мамандар «бет әрлеу», шаш күтімі мен сәндеу, қас-кірпікті безендіру, сынды тағыда басқа қызмет түрін ұсына алады. Үнемі ыждағаттылық пен ұқыптылықты қажет ететін саланың қыр-сыры баршамызға мәлім. Сол себепті де салон қызметкерлері өз тұтынушыларына бар өнерін салып қызмет ететінін айтады «Dinaroz» сән салонының иесі, кәсіпкер Гүлнұр Наватова. Ендеше, алдағы уақытта аталмыш салон жұмысы ілгері басып, жемісін аудан халқы көреді деп сенеміз.
Б.ОРДАБЕКОВ