Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алоэ шырыны

Алоэ шырыны


Алоэ – адамдар дәрілік мақсатта қолдана бастаған алғашқы өсімдік. Қазіргі заманның дамығанына қарамастан, оның танымалдылығы өте жоғары болып отыр. Әсіресе, медицина және косметология саласында алоэ шырыны жоғары сұранысқа ие. 

Алоэ шырынының пайдасы 
Алоэ шырынының құрамында биологиялық белсенді қоспалардың, микроэлементтердің, және әртүрлі дәрумендердің көп болуына байланысты бұл шырынның адам ағзасына пайдасы мол. 
Ол ас қорыту бездерінің секрециясын жақсартады 
Гастрит, созылмалы колит, энтероколит, гастроэнтерит, және ас қорыту жүйесіне байланысты басқа да көптеген аурулардың жағдайын жақсартады 
Ол ағзаның қорғанысын қалпына келтіріп, жалпы әл-ауқатын жақсартады 
Ас қорытуды қалыпқа келтіріп, қышқыл рефлюкс симптомдарын жоюға көмектеседі 
 
Алоэ шырынымен емделу 
1) Көптеген тері аурулары кезінде, жазылуы қиын жараларға, ойық жараларды емдеуде алоэ шырыны қолданылады. Ол үшін: алоэ шырынымен балды тең мөлшерде алып, оған 1 ас қасық спирт қосып араластырамыз. Дәрі даяр. Бұл қоспаны стерильді таңғыштар астында күніне екі рет зардап шеккен аймаққа қолдану керек. Оны тоңазытқышта сақтау қажет. Алоэ шырыны дерматит, күйіктер, трофикалық ойықтар, экземаға қарсы әсер етеді. Оны күніне екі рет істеу ұсынылады. 
2) Алоэ шырынымен бронх демікпесі және дизентерияны емдеуге болады. Осы келеңсіздіктерден құтылу үшін: жарты шай қасық бал және тең мөлшерде сүтпен алоэ шырынын қосып, тамақтанудан жарты сағат алдын ішу керек. Бұл дәріні күніне 3 рет, және 3 апта қабылдау қажет. Содан соң, 14 күн демалып емді қайта бастау қажет. 
3) Иммундық жүйені нығайту үшін, жаңа сығылған 150 грамм алоэ шырынына, 300 грамм қызыл шарап және 1 стақан бал қосып араластырамыз. Қоспаны 1 апта тоңазытқышта сақтап, содан соң, тамақтанудан алдын күніне үш рет бір ас қасықтан қолданыңыз. 
4) Шаштың түсуінен сақтану үшін, алоэ шырынымен балды араластырып, оған туралған сарымсақ қосамыз. Барлығын араластырамыз. Дәрі даяр. Осы қоспаны зақымданған жерге жағып 15 минут ұстайды. 
Күнделікті көріп жүрген алоэның осындай пайдалы қасиеттері бар екенін бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Осы мақаладан соң терезе алдындағы әсем, әрі әдемі гүлдің қаншалықты денсаулыққа пайдалы екенін білген боларсыз.
10 қыркүйек 2018 ж. 1 750 1

Гость JeaOrer от 7 ақпан 2019 07:31
Cialis Dangereux viagra Canada Pharmacy No Script Viagra Della Doc Amoxicillin Ibuprofen Levitra Es Con Receta cialis 5 mg Quotazione Levitra 10 Mg Cialis Barcelona Order Female Viagra viagra Commande Cialis Amoxicillin And Side Effects Isotretinoin Drugs Canada Prescriptions Online Prices Order Prednisone Online From Canada cialis without a doctor's prescription Keflex Vision Cialis Online Rush Delivery