ҚОС ҒАСЫР БЕЛЕСІНДЕГІ ШАҺАР
Алаштың тұңғыш астанасы атанған Ақмешіт төрінде жыл бойына торқалы той дүбірлетіп өткізілді. Дария жағасында орналасқан Сыр жұршылығының әсем қаласына биыл 200 жыл толып отыр. Қазіргі таңда қаланың ғажап көрінісі, барынша айшықталуы керемет екені хақ. Өзге өңірлермен салыстарғанда экономикалық өсім тұрақталып, жан-жақты сала бойынша қарыштап даму үстіндеміз. Осы ретте айтпағым Қызылорда қаласының мерейтойы баршамызға ортақ мереке. Бірлігі жарасқан Сыр бойы халқы торқалы тойын республикалық деңгейде дүбірлете тойлады. Біз аймағымыздың өсіп-өркендеу жолында жасаған айқын бағдарын қолдаймыз. Рухани сабақтасып, жаңғыра түскен көптеген мәдени-көпшілік шараның куәгері атандық. Бұл біз үшін зор мақтаныш.
Мерейтой аясында көптеген әлеуметтік маңызы бар нысан ашылып, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аудандардың ерекше тартуы қала көркін аша түскендей. Аймағымыз бұрынғыданда біршама өркендеп, сәулеті келіскен шаһарға айналды. Келешек ұрпақтың жарқын болашағы аймақ өмірімен біте қайнасса, нұр үстіне нұр болмақ. Ендеше, Қызылорда қаласының ұлы көшке ілесіп, бұданда жандана түсетініне кәміл сенеміз.
Хайролла Әбенұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы