Жақсы таныс едік: Нұрсұлтан Назарбаев Нұрғиса Тілендиевтің қызымен кездесті
Елбасы Нұрғиса Тілендиевтің қызы, «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеввамен кездесті.
Назарбаев “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында мәдениет пен өнерге көп қолдау жасалып жатқанын атады, деп жазады Ақорданың ресми сайты.
“Мен сіздің әкеңізбен жақсы таныс едім. “Отырар сазы” оркестрі сол кісінің атында. Кезінде оркестр құрамында 6 музыкант болған. Қазір 66 музкыкант бар”, – деді елбасы.
Мемлекет басшысы рухани жаңғыру бағдарламасы аясында фольклорлы-этонографиялық оркестрдің көп еңбектеніп жатқанын атады.
“Сіз Францияда, Астанада өнер көрсеттіңіз. Біздің ұлттық аспабымызды әлемге танытып жүрсіз. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Ұлттық домбыра күні бегіленді. Ұлттық домбыра күні мың домбырашы күй тартты. Сіз біздің ұлы композиторымыз Нұрғиса Тілендиевтің жолын жалғастырып келесіз. Сол үшін сізге алғыс білдіреміз”, – дейді Назарбаев.
Өз кезегінде Дінзухра Тілендиева да мәдениетке қолдау білдірген елбасыға алғыс айтып, елімізде қолға алынған даму бағдарламаларына қолдау білдірді.