Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕҢБЕКСІЗ ТАБЫС, БЕРЕКЕСІЗ САДАҚА

ЕҢБЕКСІЗ ТАБЫС, БЕРЕКЕСІЗ САДАҚА



Әзірет Сұлтан уақытын үшке бөледі екен. Сахар мен намазшам арасын алаңсыз зікірге арнайды. Одан соң дәріс берумен қарбаласады. Түстен кейін ағаштан қасық, ожау, құрал- саймандар жасап сататын. Сонымен отбасын асырапты. Бір шәкірті бірде:
– Тақсыр, неге ағаштан бұйым жасап әуре боласыз. Садақа мен зекеттен жарата бермейсіз бе? -деп сұрады. Әзірет Сұлтан:
– Еңбексіз табыс ауру шақырады. Әзіреті Омардан қалған өнеге бар. Омар екі түрлі шам пайдаланады екен. Бірін үмбеттің жұмысына, екіншісін жеке басына қолданыпты. Себебін сұрағандарға, біріншісі үмбеттің ортақ қазынасына түскен шам. Оны мешітте ғана пайдаланамын. Екіншісі өз қаржыма алған шамым. Оны үйімде қолданамын. Халиф басыммен қазынаға қол салсам менен кейінгі халифтер түйені түгімен жұтатын болады. Сондықтан Яссауи басыммен медресеге түскен садақаны жеке басыма жұмсасам кейінгі ұрпақ еңбексіз табысқа үйір болады. Соның кесірінен тұқым- тұқияны өзгенің несібесін тартып жейтін зорлықшыға айналады. Еңбексіз табыста Алланың берекеті болмайды,- депті.

Токтасын Сулейменов фб парақшасынан
https://elana.kz/
17 қазан 2018 ж. 911 0