Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Оригами үлгісіндегі жануардың бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз

Психологиялық тест: Оригами үлгісіндегі жануардың бірін таңдап, өзіңіз туралы сыр біліңіз


Күн

Өзіңіз мойындамасаңыз да, қоршаған ортаның қамқорлығына зәрусіз. Жалғыздық сезімі бойыңызда тарала бастаған кезде ойыңызды басқа арнаға бұруға тырысасыз. Мүмкін жәй ғана ешкім мазаламайтын жерде болғанды ұнататын шығарсыз. Сіздің өзіндік пікіріңіз бар, әрі сол пікіріңіз өзгелерден ерекшеленеді. Бойыңызды ашу кернеген сәтте ұстамдылық танытасыз.
 
 
Көбелек
Ақылды, асығыс шешім қабылдамайтын жансыз. «Ашу үстінде айтып қалдым» сынды сөздерді мүлдем ауызға алмайсыз. Өйткені табиғатыңызға жайдарылық тән. Ішіңіздегі жан-сырыңызды санаулы адамға ғана айтасыз. Ең жақсы деген қасиеттеріңізді жасырып ұстайсыз.
 
 
Піл
Өте экспресивті және сезімтал жансыз. Өзгелердің қалай қабылдайтынына қарамастан, сезіміңізге ерік беруге дайынсыз. Ашуланып, ұрсызсаңыз да арам ниетіңіз жоқ. Дәл қазір, осы мезетте өмір сүргіңіз келеді. Сіз қанша жерден шаршадым, жалықтым десеңіз де, қолыңыздан көп нәрсе келеді.
 
 
Пингвин
Сіз нағыз реалистсіз. Оң мен солыңызды анық ажыратып, бос әурешілікке салынбайсыз. Шама-шарқыңызды да жақсы білесіз. Шешімді тек өзіңіз қабылдағанды ұнатасыз.
 
 
Қоян
Адамдармен тығыз қарым-қатынаста болғанды ұнатасыз. Жүрген ортаңызда барлығымен тең дәрежеде араласып, көзайым болғанды жақсы көресіз. Оптимист болғандықтан, кез келген ситуацияны пайдаға асырасыз. Сізбен тіл табысып, емін-еркін сөйлесу өте оңай.
 
 
Аққу
Эмоцияңызды сыртқа шығара бермейтін, қарапайым жансыз. Отбасыңызға, жұмысыңызға, жеке өміріңізге қатысты тұрақтылықты жөн көресіз. Үнемі шаршап, демалуға асығасыз. Кемелділікке ұмтылып, жайлы өмірді қалайсыз. Жан-дүниеңіз ерекше бай, әрі бойыңыз дарынға толы.
 

Reactor.inform.kz
17 қазан 2018 ж. 1 513 0