Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Кешірім сұрау

Кешірім сұрау


Бір әңгіме бойынша Сүлеймен пайғамбар бір күні демалып отырған кезде кеудесінде жорғалап бара жатқан құмырсқаны алып лақтырып жібереді. Жәбірленген қүмырсқа ашуланып: «Әй, Алланың пайғамбары, сен маған аяушылық етпестен неге лақтырасың? Қиямет күні жер мен көктердің Иесі, жәбірленушінің ақысын зұлымдық етушіден алып беретін, әділдік иесі Алла Тағаланың алдында жауап беретіндігіңді ұмыттың ба?» – дейді. Құмырсқаның бұл сөзін естіген Сүлеймен пайғамбар есінен танып қалады. Сәлден соң есін жинап, қүмырсқадан кешірім сұрайды.

       Сонда құмырсқа: «Менің үш шартымды орындамайынша, сенің жәбіріңді кешірмеймін»,- дейді. Сүлеймен оның қандай шарт екенін сұрайды. Құмырсқа оған: «Бірішіден, бірдеңе сұрап келген адамды бос қайтарма, өйткені сенен қайыр сұраушы шын мәнінде Алланың саған берген кеңшілігінен сұрап келеді. Олай болса, оларды Алланың кеңшілігінен қалайша тыясың? Екіншіден, осы дүниеде өзіңе берілген артықшылықтарға алданып, дандайсыма, жүрегің қатаяды. Саған бүкіл патшалықты берген Алла Тағала екенін есіңде түт. Үшіншіден, көмек сұрап келген адамнан қолыңнан келгенді аяма!» – дейді. Сүлеймен оған: «Алла қаласа, бұл айтқан шарттарыңды орындаймын», – деп уәде береді.

mazhab.kz


17 қазан 2018 ж. 1 224 0