Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті


Мемлекет басшысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Астанада жүздесіп отырғанының ерекше маңызын атап өтіп, съезд жұмысына қатысқаны үшін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысына ризашылық білдірді, деп хабарлайды Ақорда.

«2010 жылы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткенін білесіз. Біз бұл ұйымның осы ғасырдағы жалғыз саммитін өткіздік. Оның нәтижесі бойынша маңызды декларация қабылданды», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастық пен кооперацияны одан әрі дамытудың маңызды екенін айтты.
Т.Гремингер өңірлік қақтығыстарды шешу және бейбітшілікті нығайту ісіндегі Қазақстан Президентінің рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.


10 қазан 2018 ж. 831 0