Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «QAZSPORT» телеарнасы ІІІ Пара Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

«QAZSPORT» телеарнасы ІІІ Пара Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

«QAZSPORT» телеарнасы 6-13 қазан аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін ІІІ Пара Азия ойындарын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дүбірлі додаға 43 мемлекеттен үш жарым мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Үздіктер параспорттың 18 түрінен анықталатын болады. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрінен (жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, дзюдо, садақ ату, оқ ату, отырып ойнайтын волейбол, үстел теннисі, шахмат) бақ сынайды.
Еліміздің намысын 2016 жылғы Паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллина, әлем чемпионы Наталья Звягинцева және 2014 жылғы Паразиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қорғайтын болады. Джакартада Қазақстан құрамасының сапында барлығы 91 спортшы өнер көрсетеді.


https://baq.kz/kk
04 қазан 2018 ж. 1 335 0