Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘРІ ҚОЛДАУ, ӘРІ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ

ӘРІ ҚОЛДАУ, ӘРІ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ

«Атамекен» ҚР ҰКП өңдеу өнеркәсібі бойынша кәсіпорындар пулын дайындап жатыр. Бұл кәсіпорындар шектеулі қаражат жағдайында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша жеңілдіктерді бірінші кезекте алу керек.
Осындай пікірді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың қатысуымен өткен Павлодар облысы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі мүшелерімен кездесу барысында айтты.
«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары өңірде өңдеу өнеркәсібі объектілеріне паспорттау жүргізілгенін хабарлады.
Павлодар облысы бойынша мұндай кәсіпорындар саны 350, оның ішінде 104 объект паспорттаудан өткен. Бұл кәсіпорындардың жүктелуі шамамен 59%-ды құрайды. Олардың көбі қаражат құралдарының қол жетімсіздігі, өнімді өткізу мен шикізаттың тапшылығын айтып отыр.
Осы ретте Эльдар Жұмағазиев Павлодар облысында экспорттың жақсы әлеуеті барын алға тартты.
«Көп жылдар бойы алюминий экспорт бойынша бірінші орында келеді. Бұл қалыптасқан дәстүрлі сала. Енді шағын және орта кәсіпкерліктің күшімен импортты алмастыруға база назар аударылуы керек. Өңдеу өнеркәсібі кəсіпорындарын паспорттауды ескере отырып, «Атамекен» атынан Өңірлік үйлестіру кеңесі ұсынған кəсіпорындар тізімін құрастыру, сондай-ақ импортты алмастыру жəне экспорттау мүмкіндіктерін талдау қажет. Өңдеумен айналысатын әріптестерімізбен бүгін сөйлестік. Олар бұл шараны қолға алу орынды деп санайды», – деді Эльдар Жұмағазиев.
Былтыр Өңірлік үйлестіру кеңес қарауынан 116 жоба өткен.
«Біз паспорттауды жасаймыз, талдау жүргізп, Павлодар бойынша импортты алмастырып, экспортқа шыға алатын 10-15 озық өңдейтін кәсіпорынды таңдайтын боламыз. Біз осы кәсіпорындарға Өңірлік үйлестіру кеңесінде көмектесуді ұсынамыз, өйткені оларда үлкен әлеует бар. Ал кәсіпкерлер өз алдына салық, жаңа жұмыс орындарын құру мен технологияларды жаңарту бойынша міндеттерді алады. Бірінші кезекте қаражатты осы кәсіпорындарға бөлу керек, өйткені оларда өсу бар», – деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экспортқа бағдарланған кəсіпорындардың мемлекеттік қолдау шараларын толық пайдалану қажеттілігі туралы позицияны қолдады.
Ары қарай Агроөнеркәсіп кешені саласын қолдауға қатысты ұсынысын жеткізді.
«АӨК бағдарламасы қабылданды, қазіргі таңда өңірлік бағдарламалар дайындық үстінде. Осы бағытта біз Ақтөбе облысында пилоттық жобаны іске қостық, оның әзірленуіне «Атамекен», бизнес және фермерлер қатысты. Павлодар облысында АӨК дамуының үлкен әлеуеті бар. Сондықтан бізде АӨК дамуының өңірлік бағдарламасы мен тамақ өнеркәсібіне басымдық беру бойынша ұсыныс бар. Өңірдің АӨК саласы мүмкіндігіне терең талдау керек, және соның негізінде бірлесіп, өңірлік бағдарламаны әзірлеу керек. 12 млрд теңге – АӨК-тің жиынтық бюджеті, ыңғайласпа міндеттемелерді білгілеу арқылы фермерлер мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарын тиімді қолдау қажет, – деді Э.Жұмағазиев.
Өңірдің шағын және микро бизнес дамуы бойынша Арқалықта жасалған скринингті қайталау ұсынылды, онда жүргізілген зерттеу нәтиіжесінде кәсіпкерлікке арналған 130 жаңа бағыт анықталды. Енді жер бөлу мен табылған бағыттар бойынша қажет инфрақұрылымды тартуға мүмкіндік беретін индустриялық-инновациялық дамудың шағын облыстық бағдарламасы керек.
Бизнесті жақсарту бойынша ұсыныстарымен қатар кәсіпкерлер жиналып қалған мәселер пулын талқылауға мүмкіндік алды.
Екібастұз қаласы теміржол кластеріндегі компаниялар тобын таныстырушы «Railways Systems KZ» ЖШС директоры Артур Хачатурян «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Проммашкомплект» ЖШС алдындағы қарызына қатысты мәселемен бөлісті.
«ҚТЖ кейбір келісімшарттардың, атап айтқанда бағыттама өнімге төлем бойынша міндеттелмелерін орындамай жатыр. Қарыз мамыр айынан бері төленбей келеді», – деді Артур Хачатурян.
«Gissenhaus» ЖШС құрылтайшысы Виктор Литуев Арнайы экономикалық аймақ территориясында нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығына қатысты мәселені көтерді.
«Казэнергокабель» акционерлік қоғамының құрылтайшысы Владимир Бобров өнімді сатып алуға арналған ұлттық стандарттарды әзірлеу қажеттілігі бойынша ұсыныс айтты.
«Галицкое» ЖШС директоры Александр Косицын бруцеллёз бойынша сұрақ қойды, ал «БНКА Энерджи» ЖШС дата-орталығының жетекшісі Жанат Алдабергенов Екібастұз қаласындағы индустриялық аймаққа инфрақұрылым тарту бойынша сауал тастады.
Павлодар облысы ӨКП Өңірлік кеңес төрағасы Олег Крук ШОБ субъектілерінен тауар, жұмыс, қызметті атып алуда жүйе құрушы кәсіпорындардың төлмеу жасау мерзімін қысқарту бойынша сұрақтарды ортаға салды.
Жиынды қорытындылай келе Эльдар Жұмағазиев кәсіпкерлердің мәселелерін талқылауға мүмкіндік берілгеніне өңірлік бизнестің атынан алғысын білдірді.

atameken.kz
23 қыркүйек 2018 ж. 931 0