"КАНЕЛОНЫҢ" ДОПИНГПЕН ҰСТАЛЫП, ГОЛОВКИННІҢ БЕЛБЕУЛЕРІ ҚАЙТАРЫЛАТЫНЫ ЖАЙЛЫ ХАБАРЛАМАЛАР РАС ПА?

"Бұл арандатушылыққа еш қатысымыз жоқ, бұл расталмаған мәлімет. Біреу Интернетке "Канелоның" допингпен ұсталғаны жайлы жазып жіберген. Біз ол туралы естіген жоқпыз", - деді Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненко.
"Қазақстан" "РТРК" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин де бұл хабарламаға қатысты пікірін білдірді. "Генаның жеңілісіне өкінгені де бар, тіпті қайғырғаны да бар. Бірақ, елдің көңілімен былай ойнап, әзілдеу енді тіпті артық. Кешелі бері көптеген азаматтар мына жалған ақпаратқа сеніп, жекеге жазып сұрап жатыр :) Ешқандай да қайта жекпе-жек жуырда болмайды. Кез келген жекпе-жек бірнеше ай бұрын дайындалады, ондай болатын болса міндетті түрде арнайы xабарлаймыз", - деп жазды Қарин Facebook желісіндегі парақшасында.
