МЫҢ ЕСТІГЕННЕН КӨРГЕН АРТЫҚ
Аспаннан ешкім салбырап түспейді. Өзі қай сала, қандай жұмыс болмасын адам баласы оны бірден меңгеріп кетпейтіні белгілі. Белгілі бір іске машық болу үшін оның қыр-сырын жүре біліп, өз ынтасының арқасында тәжірибелі маман атанады. Тәжірибе – бұл байыпты бастамалармен бөлісу, тың жұмыстарды өз жұмысында жетік қолдана білу. Осы мақсатта, облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембинаның инициативасымен, «Сыр медиа» серіктестігі басшылығының қолдауымен Сыр журналистері Астанада екі күндік іссапарда болды. Аймақтағы әрбір ауданнан, облыстық жастар газетінен жиналған тілшілер бас қаладағы белгілі газеттер редакциясында болып, тәжірибе алмасты.
Жүз жылдық тарихы бар басылымдар
Иә, қазір жедел ақпараттың желпіні есіп тұрған шақ. Бүгін болғанды бүге-шүгесіне дейін жылдам ақпараттандыру – заман талабы. Бұл үдеден шыққан журналист замана көшінде белсенді де, кейін қалғандар ілесе алмауда. Яғни, ақпараттық қоғамның жеделдігі оны жеткізушіні сұрыптап алуда десек қате айтпаған болармыз. Міне, бұл тұрғыда республика басылымдары бойынша көш бастап келе жатқан «Егемен Қазақстан» газетінің тәжірибесі мол. Елордаға барған бойдағы еңселі басылымға бірінші барудағы мақсат та осы-тұғын.
«Ата басылым» деп әспеттейтін газеттің ғасырға жуық тарихы бар. Келер жылы сол мерейтойды республика көлемінде атап өтпек. Осы уақыттың ішінде баспасөз құралы жаңалық жаршысы болып, ел мұңын мінбердегілерге жеткізіп келеді. Әр кезеңнің алуан істерін жан-жақты ақпараттандып, мұнда рухани-мәдени, танымдық дүниелердің бай қоры қалыптасқан. Журналистердің де жан-жақтылығы басылым беделін айғақтайды.
Тәжірибе алмасудағы кездесуде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары-бас редактор Айбын Шағалақ басылым жұмысымен таныстырды. Алғысөзде төраға орынбасары оқырман талғамына сай ел газетінің елеулі жобаларды жүзеге асырып жатқандығын жеткізді. Оның ең алдында басылымды шет мемлекеттерге тарату ісі тұр. Яғни, алдағы жылы көршілес Ресей, Қырғызстан, Моңғолия мемлекетінде баспасөзге жазылу ұйымдастырылып, газет таратылмақ. Одан бөлек, әлемге әйгілі New York Times газеті мен «Егемен Қазақстан» газеті арасында уағдаластық орнаған. Енді алпауыт басылым бетіндегі сараптамалар мен шолу материалдарды ел газетінен оқуға болады. Жалпы, бүгінде газеттің таралымы артып, Egemen.kz сайты жедел ақпарат таратып жатқанын айтқан бас редактор Youtube арнасында «Egemen TV», сондай-ақ студенттер үшін «Egemen-академия» жобалары іске асқанын тілге тиек етті. Тәжірибе алмасуда облыс әкімінің кеңесшісі Динара Бисембина, «Сыр медиа» ЖШС директоры Аманжол Оңғарбаев бас басылымның жаңа бағыттағы жұмысына оң баға беріп, интернет ресурста үйренер жаңа бастамалар көп екенін айтты, осындай мүмкіндік жасалғанына ризалышылықтарын жеткізді. Кездесу барысында аймақ журналистері көкейкесті мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойды. Өз ұсыныстарын айтып, қарымды қаламгерлермен пікір алмасты.
Ресми тілде шығатын «Казахстанская Правда» газеті жұмысынан да іліп аларлық дүниелер көп. Олай дейтініміз, басылымның дизайны жыл сайын, кейде жылына екі рет жаңарып, оқырман талғамына сай тұщымды мақалалар жарияланып отырады. Оның үстіне, жаңа айдарлармен халықтың мұң-мұқтажы жазылады, арнайы зерттеледі. Кез келген жағдайда сарапшылар пікірі ескеріліп, қоғамда резонанс тудырған мәселелер мамандар пікірімен газет арқылы талқыға түседі. Мұнда да Сыр журналистері редакция тыныс-тіршілігімен танысып, әрбір бөлімдерді аралап көрді.
Республикадағы айтулы басылымдардан соң өңір тілшілері телеарналар шоғырланған «Қазмедиа орталығында» болып, танымдық, шоу бағдарламалар түсірілетін студияларды көрді.
Ақпаратты меңгерген әлемді билейді
Екінші күнгі жұмыс «Спутник Қазақстан» ақпараттық агенттігінде жалғасты. Бұл жерде газет шықпайды, тек сайт арқылы әлем, республика жаңалықтары жылдам тарайды. Негізі, бүгінгі таңда көпшілік жаңалықтарды интернет ресурсынан оқиды. Қалта құрылғысымен іздеген дүниесін тауып, сайттардағы қысқа әрі нұсқа ақпарат оқырман талғамына сай, сұранысына ие. Аңғарғанымыз, қазір 20-40 жас аралығындағы адамдар барлық ақпаратты сайттардан іздеп, оқиды екен. Яғни, ел тұрғындарының басым көпшілігі ғаламторды пайдаланады деген сөз. Сол үшін де сайт жұмысын жандардыру – күн тәртібіндегі мәселе. Демек, бүгінгі қоғамда кез келген ақпаратты жарыса жазып, жылдам жеткізгеннің асығы алшысынан түсіп тұр деген сөз. Осы орайда, шет мемлекеттердің аты шулы ақпараттық агенттіктерімен ресми байланыс орнатқан sputniknews.kz – еліміздегі рейтингі жоғары сайттардың бірі. Басты ұстанымы – басқалар айтпағанды біз айтамыз. Мұнда екі тілде жаңалықтар тарайды.
Агенттіктің өзіндік ерекшеліктері көп. Соның бірі арнайы мамандар журналистермен бірге бір тақырыпта лонгрид жасап, онда толық мәліметті назарға ұсынады. Атап айтқанда, «Спутник Қазақстан» тілшілері Семей полигоны жөнінде «Мәңгі жазылмас жара» тақырыбында мәтіндік материалдарды топтастырып, онда сынақ алаңындағы видеолар, Ұлттық Мұрағаттан алынған фотосуреттер, әр жылдардың хронологиясы, сол кезден бүгінге дейінгі Семей зардаптарын берген. Бұдан оқырман ядролық сынақ туралы толық ақпаратты ала алады. Агенттік жұмысымен танысу барысында редактор Айымгүл Әбілова оқырман тартуға қатысты тәжірибесін айтып, ақпаратты берудің тиімді тұстарын жеткізді. Бұл жерде де екі жақты байланыс орнату сөз болып, журналистер өзара пікір алмасты.
Өзгелерден озған оқу орны
Сапар барысында журналистер Назарбаев университеті мен орталығына да арнайы барды. Университетте қазақстандық жастардың әлемдік деңгейде білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда оқу процестері ағылшын тілінде өтеді. Жоғары оқу орнында тек қалалық жердің жастары емес, ағылшын тілін жетік меңгерген кез келген жас оқи алады. Мұны университеттің Коммуникациялар және маркетинг департаментінің аға менеджері Қымбат Ысқақова айтты.
– Қазақстан Президентінің бастамасымен университет 2010 жылы құрылды. Оқу орны инновациялық зерттеу қызметін жүргізуге бағытталған қазіргі заманға сай, күшті ғылыми инфрақұрылымы бар университет болуды мақсат еткен. Мұнда ең үздік ұлттық және халықаралық зерттеушілер шақырылып, дәрістер оқиды. Оқу процестерін шет мемлекеттен келген ұстаздар жүргізеді. Жастардың білім алуына толық жағдай жасалған. Бұл жерде «Тек қалалықтар ғана оқиды» деп көпшілік ойлайды. Олай емес, универсиетте қазіргі таңда шет тілін жетік меңгерген ауыл жастары да білім алуда, - деді Қымбат Абдыллақызы.
Иә, университет қазіргі заманға сай жабдықтармен қамтылғаны көрініп-ақ тұр. Студенттер сабақтан тыс уақытында өз саласы бойынша оқу зертханаларында жұмыс жасайды екен. Оның ішінде, робот жасауда университет студенттерінің жеткен жетістігі көп. Бұл туралы алдағы уақытта жазатын боламыз.
Ал Назарбаев орталығында тілшілер Ұлт Көшбасшысына шетелге сапармен барғанда ел басшылары, Қазақстан мақтаныштары берген сыйлықтарды көрді, Президент кітапханасымен және экспозициясымен танысты. Орталықта Елбасыға берілген шет мемлекеттердің жоғарғы мемлекеттік наградалары, ел мерейін асырып жүрген белгілі спортшылар Г.Головкин, Д.Елеусінов, марқұм болған Денис Тен секілді спорт саңлақтарының белбеулері, медальдары, спорттық киімдері топтастырылған. Сонымен қатар, мұнда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жұмыс жасайды.
Жалпы, екі күндік іссапарда Сыр журналистері газет мақалаларының мазмұнын жоғарылату, аудиторияға тартымды дүниелерді ұсыну, сайт жұмысын жандандыруға қатысты мол тәжірибе жинақтады. «Мың естігеннен көрген артық» дегендей, Елордаға барып, көзбен көріп, тың жұмыстармен танысты. Енді жинақтаған тәжірибені іс жүзіне асырады деген сенім мол.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
Сырдария-Астана-Сырдария
Сырдария-Астана-Сырдария