Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » NASA МАРСҚА ҰШУҒА ӘЗІЛҚОЙ АДАМДАРДЫ ТАҢДАЙДЫ – ЗЕРТТЕУ

NASA МАРСҚА ҰШУҒА ӘЗІЛҚОЙ АДАМДАРДЫ ТАҢДАЙДЫ – ЗЕРТТЕУ


NASA-ның Марсқа ұшатын ғарышкерлерді таңдау кезінде олардың жеке қасиеттеріне назар аударатыны белгілі болды. Бірінші кезекте ғарышкерлердің көпшілік ортаға тез бейімделіп, командада жұмыс істей алу қабілеті ескеріледі. Себебі, Қызыл ғаламшарға барғанда олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы болуы тиіс, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі naked-science.ru сайтына сілтеме жасап.
   Ғалымдардың жаңа зерттеу жұмысы American Psychologist журналында жарияланды. Бұл зерттеу жұмысында NASA-ның ғарышты меңгеретін команда мүшелерін психологиялық тұрғыдан қалай бағалайтыны туралы жазылған. Зерттеу жұмысының нәтижесінде NASA-ның команда құру барысында оның мүшелерін психологиялық тұрғыдан бағалап, әзілге жақын адамдарды таңдайтыны белгілі болды.
   NASA экстраверттерді таңдайтынына қарамастан, команда мүшелерінің тым әңгімешіл болғандарын қаламайды. Сондай-ақ, оларға тұйық адамдар да қажет емес. Агенттік неліктен сөзшең адамдарды таңдамайтынын түсіндірген жоқ.
NASA ғарышкерлерге қоятын нақты талаптарын құпияда ұстаса да, соңғы зерттеу жұмысының арқасында олардың ғарышкерлер бойында төмендегі қасиеттердің болуын ескеретіні анықталды.
  «Ұсынып отырған тұлға профилі эмоционалдық тұрақтылық, жоғары және өте жоғары кішіпейілділік, тәжірибе жинауда орташа ашықтық, адамгершілік, тым жоғары бағадан сақтандыратын төменнен бастап орташа жоғары мөлшердегі экстраверсияны қамтиды. Тым жоғары немесе тым төмен көрсеткіштер адамның ғарышкер бола алмайтынының белгісі», - делінген зерттеу жұмысында.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысында Марсқа жіберетін команда құруда әзілқойлық қасиеті жоғары бағаланатыны туралы жазылған. Себебі, кей адамдар қиындыққа тап болғанда әзілдесіп, команданың рухын көтере алады. Алайда бұл айтылатын әзілдер ешкімнің намысына тимейтіндей орынды болуы тиіс.

Baq.kz
02 маусым 2018 ж. 839 0