ГРУЗИЯ – АҢЫЗҒА БАЙ ЕЛ
Грузия – әр алуан аңызға бай ел. Соның бірі былай деп сыр шертеді: Есте жоқ ерте замандарда Құдай жер бетіндегі халықтардың бәріне жер бөліп береді. Ол кезде грузиндер бейбітшіліктің орнауына байланысты өткен жиынның дастарқанында болған екен. Тілектерін айтып, тост көтеріп болғаннан кейін әлгі бөліс болған жерге келеді. Кешігіп қалғандарын білгенде: «Бізді кешір, біз сенің денсаулығың үшін іштік те, кешігіп қалдық» деген наздарын айтады. Құдай ойланады да: «Мен шағын ғана жерді сақтап қалып едім, сендердің туралықтарың мен табиғилықтарың үшін сендерге берейін. Естеріңде болсын, бұл жер өте кең және ештеңемен салыстыра алмайсың, ғасырлар бойы адамдар сүйсініп қарап, таңырқаумен болады» деген екен. Бәрі де аңыздағыдай болды. Әлем жұрты қанша уақыттан бері шағын, бірақ тәкәппар елдің сұлулығына бас иіп келеді.
Аңыздың қызықты екендігіне келісесіз бе? Бірақ, мұндай аңыздарды талай естіген де шығарсыз. Әйтсе де, Грузия туралы төмендегі аңыздардан да қызықты деректерді білмейтіндігіңізге сенімдіміз.
Сакартвело – грузиндер өздерінің елдерін дәл осылай атайды. Бұл сөз ерте кездерде қазіргі Грузия жерін мекендеген картвел халқымен байланысты. Ал «Грузия» XVII-XVIII ғасырларда «Гүрджістан» деген арабтың сөзінен енген.
Көне дәуірлерде Грузия мен Испания Иберия деп аталған екен. Ал Испанияда тұратын басктердің тілі грузин тіліне өте ұқсас келеді.
Грузия Украинадан бірнеше жыл бұрын, яғни, 319 жылы христиан дінін қабылдаған.
Грузин тілінде екпін деген нәрсе жоқ. Белгілі бір буында ғана дауыс көтеріліп айтылады. Сондай-ақ, бұл тілде бас әріптер, аналық тек, аталық тек (мужской, женский род) жоқ.
Грузин тілінде қатарынан 8 дауыссыз келетін сөз бар: გვფრცქვნის (гвпртсквнис). Мұнан басқа жиі қолданылмайтын 11 дауыссыздан тұратын сөз бар: ვეფხვთმბრდღვნელი (вефхвтмбрдгвнели).
Грузин тілінде сөйлемес бұрын, ырғақты жөндеп алу керек, себебі өзгерген бір дыбыс мағынасын түбегейлі өзгертіп жібереді.
Грузиндерде жиырма сандық жүйе қалыптасқан. 20 мен 100-дің арасындағы сөздерді айтатын болсаңыз, қиналып қаласыз. Мәселен, 33 санын айту үшін жиырма-он үш, 78 санын айту үшін үш-жиырма–сексен деп айту керексіз.
Грузин жерінен ең алғашқы адамдардың қалдықтары табылды. Олар 1991 жылы Дманиси деген жерден табылды. Жастары шамамен 1 млн. 770 мыңға болжалынып отыр. Оларға Зезва және Мзия деген есім берілді.
Грузияда орыс тілі ысырылды. Тек қана егде жастағы адамдар сөйлемесе, мектеп оқушыларына бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылады. Келешекте елдегі екінші тіл ағылшын тілі болады деп жоспарлануда.
Грузия әлем бойынша туризмнің отанына айналуға талпынып жатыр. Сондықтан бағыт-бағдар беретін кестелердің бәрі де ағылшын тілінде жазылады.
Грузияда мас болып қалған адамдар артық қиындықтарға тап болғысы келмейтіндігін айтып, полиция қызметкерлерін шақырады. Мұндай әрекет үшін алғыс білдірген қызметкерлер сізді тегін үйіңізге жеткізіп салады.
Грузиядағы көпқабатты үйлердегі лифтілер ақылы түрде немесе кәсіби кілттермен жұмыс істейді. Түсу – тегін.
Грузияда көпқабатты үйлердің балкондарынының шетіне іш киімдерді іліп тастау – мақтаныштардың бірі.
Грузияда жігіттердің сүйісіп амандасқанын көрсеңіз таңғалмаңыз, себебі, грузиндік салт бойынша солай амандасқан дұрыс.
Грузиндер қонаққа барғанда көшеге киетін аяқ киімдерін шешпейді. Мұны жасайтын болсаңыз, қожайындар ренжіп қалады, бөлмеге киетін аяқ киім сұрасаңыз тіптен жаман.
Грузиндер үшін дастарқан басындағы басты адам – асаба. Дәстүр бойынша, асабаны үй егесі таңдайды. Есіңізде болсын, асабаның сөзін бөлуге болмайды, оның сөзі – заң!
Грузиндердің қазақтарға ұқсайтын тұсы – етті қолымен жейтіндіктері. Бұл да мәдениетсіздік емес. Елде кәуапты да, ұлттық тағамдары хинкалиді де қолымен жейді. Тағамды ас құралдарымен жейтін болсаңыз, күлкіге қаласыз.
Грузин дастарқанында міндетті түрде кинза, базилик, тархун, көк пияз, ақжелкен сынды көк-сөк салынған тәрелке тұрады. Олар мұны етке қосып жегенді ұнатады.
Грузиндер үшін отбасы деген қасиетті ұғым. Олар туыстарын, ата-аналарына әрдайым қамқорлық танытып жүреді. Ал әке сөзі – заң.
Грузияның бірнеше аймағында қыз алып қашу дәстүрі етек жайған. Қазір бұл рәсім қыз бен жігіттің келісімі арқылы жасалады. Грузияда қару сақтауға рұқсат беріледі.
Грузия қалыңдықтары той кезінде алтынға көміледі. Себебі, күйеу жігіттің туыстарының бәрі бір алтыннан сыйлауы керек.
Грузия шарап отаны саналады. Дәл осы жерде ең алғашқы шарап құмыралары мен жүзім дәндері табылған.
massaget.kz