Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Астана-Павлодар» электр пойызының 79 жасар жолаушысы көз жұмды

«Астана-Павлодар» электр пойызының 79 жасар жолаушысы көз жұмды

«Астана-Павлодар» электр пойызының жолаушысы Павлодар қаласына жетуге 20 минут қалғанда көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz ймақтағы тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, павлодарлық жолаушының жүрегі ұстап, пойыздың ішінде көз жұмған. Қайғылы оқиға 31-ші тамызға қараған түні болды.
«Біз көршілес, үшінші вагонда отбасымызбен Павлодарға келе жаттық. Діттеген жерімізге жетуге 20 минут қалды. Бір мезетте пойыз қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы арамыздан дәрігерлерді іздеп, хабар таратты. Хабарландырудан соң ішімізден бір ақ желеңді табылдып, ол көршілес вагонға бет бұрды. Павлодарға жеткенде азаматтың көз жұмғаны белгілі болды», - дейді куәгер.
Жолаушының қайтыс болғанын облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева растады.
«Шақырту бүгін түнгі 00.46 минутта түсті. Сағат 00.57 минутта жедел жәрдем қызметінің мамандары теміржол вокзалында күтті. 79 жасар қария дәрігерлерге жеткенше вагонда көз жұмды. Мамандар жолаушының биологиялық өлімін тіркеді. Азаматтың аортакороналды шунтирлеу отасы жасалғаннан кейін бақилық болғаны анықталды. Ер адам жүректің ишимиялық ауруына шалдыққан екен», - дейді Эльмира Темірғалиева.
Ақмаржан ӘДІЛБЕК
31 тамыз 2018 ж. 934 0