Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

ТАМАША ТАРТУ


Ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйым­дас­тырылған барлық шаралар көңілден шықты. «Парасат» алаңының ашылу салтанатынан басталған торқалы той ауданның тарихи тұлғаларына құрметі іспеттес. 90 жылдыққа шақыртылған қонақтар да осы өңірден шыққан аты дүйім жұртқа мәшһүр азаматтар. Мерекенің алғашқы күні тарихқа көз жүгіртіп, ауданның құрылуы кезеңінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолынан ақпарат алдық. Ат жарыспен жалғасқан тойдан кейін театр спектаклін тамашалап, рухани азық жинадық. Шара бұнымен тоқтаған жоқ кешке орталық алаңда елді мекендерден жиналған өнерпаздардың, эстрада жұлдыздарының көңілді концертін тамашаладық. Екінші күні қазақтың төл өнері – айтыста өз дәрежесінде өтті деп ойлаймын. Кеш бата орталық стадионда өткен шоу концертте халық есінде мәңгі сақталары сөзсіз. Ұйымдастырушы басшылыққа елдің атынан алғысымды білдіремін.

Ұлмекен ЖАНӘЛИЕВА,
«Сырдария ауданының әйелдері»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы
14 тамыз 2018 ж. 646 0