Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 36 газет

07 мамыр 2024 ж.

№35 газет

04 мамыр 2024 ж.

№ 34 газет

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Іскерлік байланыс – ілгері басу

Іскерлік байланыс – ілгері басу

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында алдағы бес жылда ауыл шаруашылығында   еңбек   өнімділігін екі есеге және өңделген өнім экспортының көлемін 2,5 есеге арттыру туралы батыл міндет қойды. Бұл міндетті орындау мүлде жаңа көзқарасты талап етеді. Соған байланысты Үкімет Азық-түлік бағдарламасына, дәлірек айтқанда,  «ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сол өзгерістер нәтижесінде ұзақ мерзімді арнайы салалық бағдарламалар қабылданып отыр. Соның бірі  2018-2027 жылдарға арналған ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама. 
Бұл туралы ҚР Ауыл шаруа­шы­лығы бірінші вице-министрі Арман Евниев облыстық әкімдікте өт­кен ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған «Neo No­mad» атты оқу семинарында атап өтті. Осыдан соң вице-министр мал шаруашылығын дамыту бағдар­ла­масының жаңартылған мазмұнына тоқталып, оны іске асыру жолдарын жеткізді. Біздің елімізде мал шаруашылығын дамытуға жақсы мүмкіндіктер бар. Жайылымдық жер көлемі жөнінен әлемде бесінші орындамыз. Ет шаруашылығын дамыту бағдарламасының негізін отбасылық фермалар құрайтын болады және ол ірі қара мал бордақылау алаңдарынан және ет өңдеу кешендерінен тұратын біріккен  кооперация түрінде жаса­ла­ды. Былайша айтқанда, бағ­дарла­маның негізі мақсаты – ірі қара мал өсіретін шаруашылықтар, өндірістік бордақылау алаңдары мен заманауи ет комбинаттарын бірік­тіретін тірек кооперацияларын құру. Соның нәтижесінде қазіргі күні 20 мыңға жуықтайтын отбасылық фермалар санын 100 мыңға, онда жұмыспен қамтылып отырған адам санын 500 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Оған қоса жайылымдық жер­лерді 58 млн гектардан 100 млн гектарға және ірі қара мал басын 15 млн-ға, қой санын 30 млн-ға арттыру жоспары бар. Салалық бағдарламаның жер учаскелерін беру, мал басын және техникалар мен қондырғылар алу үшін жеңілдетілген несиенің қарастырылуы, инфра­құ­рылым жүр­гізу секілді өзге де тиімді тұстары жетерлік. Министрлік өкілі әр ауданда кемінде бір ірі мал бордақылау алаңы болуы тиіс екенін жеткізді. Бұл саладағы бәсекелестіктің артуына әсер ететін болады.
Семинарға өңірдегі мал борда­қы­лау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктер мен қаржы институттары филиалдарының өкіл­дері, ветеринария саласының мамандары қатысты. Вице-министрдің айтуынша, «Neo Nomad» іскерлік қатынасы – кәсіпкерлер мен барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалар арасында қа­лып­тасып қалған стереотиптер мен кедергілерді жоюдың ең тиімді құралы. Басты міндеті – агробизнесті заманауи бизнес-үдерістерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру. Осындай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің әрқайсысына өздерінің құзыреттілігі мен білім деңгейін айтарлықтай арттыруға, соның ішінде жобалық басқару түсінігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Галстуксыз кездесу барысындағы іскерлік байланыс 5 команданың арасында нақты өндірістік жағдайларға құрылды. Командаларға берілген тапсырма – ой жүзінде шаруашылық фермасын құру және оның 10 жылдан кейін қалай болатынын болжау. Яғни, осы кезең аралығында қандай қадамдар жасалуы керек, туындауы мүмкін кедергілерді қалай еңсерген дұрыс деген ойлар сараланды. Әр команда оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасауға тырысты.
Семинар жұмысына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ,
«Сыр бойы».
09 тамыз 2018 ж. 673 0