Маңдайына қарап, мінезін таны
Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Физиономистика ғылымының мақсаты тек адамды тануға көмектесу. Маңдай пішініне байланысты адамның мінезін танып көрейік.
1. Жазық, кең маңдай.
Ол ақылдылықтың, ойлылықтың нышаны. Мұндай адамдар интеллектуалдық қызметке бейім. Осындай маңдайды шаштың етегі дөңгелене жиектеп тұрса, табандылықты, турашылдықты көрсетеді. Кең маңдай – ақыл, ойдың кемелділігі.
2. Қусырыла біткен тар маңдай. Мұндай маңдай иесінің көбінесе интеллекті төмен болады. Алайда өмірге икемді, өзіне-өзі сенімді. Аяғын қашанда нық басады. Егер осындай маңдайға шаш тым төмен орналасса, етегі тым төмен түсіп тұрса, қарабайырлықтың, орта қолдылықтың нышаны саналады. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық келеді.
3. Жалпақ маңдай. Адамның маңдайы жалпақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келсе, мұндай кісінің есте сақтау қабілеті жақсы, бірақ та мінезі құбылмалы. Оның өте сезімталдықтан қолға алған ісінен тез жалыға салатын қасиеті де жоқ емес.
4. Орташа маңдай.
Бұл иесінің естілігінен хабар береді.
Қас-қабаққа байланысты адам мінезінің сипаттамасы
1. Жіңішке қас. Егерде адамның қасы жіңішке болса, ол – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жан.
2. Түзу қас. Адамның қасы түзу болса, ол – елгезек, тіл алғыш адам.
3. Қиылған қас. Мұндай қас қиялшыл адамдарға тән.
4. Алшақ қас. Егерде адамның екі қасының арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпалына тез түседі.
5. Түйіскен қас. Егерде адамның екі қасы бір-бірімен түйісіп тұрса, бұл жүйкесінің мықтылығын білдіреді.
Пікір 1